Павлодар облысының автожолында жаяу жүргіншіні көлік қақты
Адам алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция депаратментінің хабарлауынша, 30 қарашада кешкі сағат 20:30-да «Омбы-Майқапшағай» автожолында Volkswagen Multivan маркалы көліктің жүргізушісі 54 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауыр жарақат алған тұрғын көз жұмды.
Полиция департаменті аталған факт бойынша тексеріс ашып, сот-медициналық сараптама тағайындады. Көлік айып тұрағына қойылды.