Павлодарлық спортшы республикалық турнирдің рекордын орнатты

Павлодарлық спортшы республикалық турнирдің рекордын орнатты
Фото: Константин Шелков

Ол аталмыш жарыста екі сайыс бойынша өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қарағанды қаласында жеңіл атлетикадан А.З. Кирсановты еске алуға арналған республикалық турнирінде павлодарлық спортшы бақ таластырды.  Ол 60 метр қашықтықта қарсыластарына дес бермей, жарыс жеңімпазы атанды. 

Ол 60 метрді 7.75 секундта жүгіріп өтіп, жарыс рекордын орнатты. 

Айта кету керек, аталмыш жарыста Полина Карел ұзындықта секіруден үшінші орын алып, қанжығасын екінші жүлдемен майлады. 

Еске сала кетейік, павлодарлық спортшы республикалық А.З. Кирсановты еске алуға арналған жарыста Анель Бүркітбаева чемпион атанса, Жасмина Бакоева үшінші орынға табан тіреді.