Павлодар облысының екі тұрғыны 2005 жылғы кісі өліміне күдікті деп танылды

Павлодар облысының екі тұрғыны 2005 жылғы кісі өліміне күдікті деп танылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құқық қорғау органдары 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Астана қаласында 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Сол кезде қылмысты ашуға қажетті айғақтардың болмауы себепті тергеу нәтижесіз қалған.

Биыл полиция қызметкерлері архивтік материалдарды қайта зерделеп, қосымша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.

Күдіктілер тамыз айында ұсталып, өз кінәларын мойындаған. Қазіргі уақытта екі азамат та қамауда отыр.

– Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.