Павлодар облысының мектептерінде қауіпсіз тамақтануға ерекше назар аударылады

Павлодар облысының мектептерінде қауіпсіз тамақтануға ерекше назар аударылады
Фото: Константин Шелков

Енді ас мәзірін денсаулық сақтау басқармасы бекітеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылында 116 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттады. Оның он мыңнан астамы бірінші сыныпқа барды. Елуден астамы қазақ тілінде білім алуды таңдады.

— Қала бойынша ең көп бірінші сынып оқушыларын №9 мектеп қабылдады. Осылайша 252 балаға он сынып комплектісі ашылды. №39 мектепте сегіз сынып 202 бала үшін ашылды. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп 190 баланы қамтитын жеті сынып комплектерін ұйымдастырды, — деп пайымдады облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгерім Әбенова.

Оқушылар мен ұстаздар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 32 ұйымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 15 мектепте қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар аясында 21 мектептің 46 кабинеті модификациядан өтті. Бүгінгі күні барлық білім ордаларында жөндеу сәтті аяқталып, жаңа оқу жылы басталды.

1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептерде бірыңғай тамақтану стандарты енгізілді. Енді оқу ордаларының ас мәзірін денсаулық сақтау басқармасы бекітеді.

— Оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында түбегейлі тұзды, қантты және майды тұтынуды азайтуға, жаңа піскен көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар және сапалы сүт өнімдеріне басымдық беріледі, — деді Айгерім Әбенова. — Қант диабеті, тағамдық аллергиясы және басқа да медициналық көрсеткіштері бар оқушыларды қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қауіпсіз тамақтануға ерекше назар аударылады. 

Биылғы оқу жылынан бастап көпбалалы отбасылардан шыққан, атаулы әлеуметтік көмек санатына енетін оқушылар да ыстық тамақпен тегін қамтылатын болады. Бір мектеп тамағының құны 690 теңге. Оның құрамына бірінші және екінші ас, нан, салат және сусын кіреді.

Еске сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Достық» шағым ауданында 1200 орындық заманауи мектеп ашылды. Ауылдық аудандарда үш жаңа кішігірім мектеп қақпасын ашты: Тілектес ауылында 90 орындық, Бірлік ауылында 120 орындық және Бұланбай ауылындағы мектеп.