Павлодар облысының тасжолында автокөлік өртке оранды
Жәбірленушілерді қалалық ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
18 қараша күні Пограничник ауылы маңындағы Астана–Павлодар тас жолында жол-көлік оқиғасының салдарынан Chevrolet Cobalt маркалы жеңіл автокөлігі өртенді. Көлік бірнеше минут ішінде отқа оранып, жедел әрекет етуді талап етті.
Хабарлама «101» пультіне сағат 12:09-да келіп түсті, Ақсу қаласының өрт сөндірушілері дереу шақырту орнына жіберілді. Оқиға орнына келген қызметкерлер өртті жедел сөндіріп, оның одан әрі таралуы мен жарылуына жол бермеді.
Қалқаман кентінің трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы 1981 жылы туған жүргізуші мен 1994 жылы туған жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды қаладағы ауруханаға жеткізді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелері мен өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертеді.