Павлодарда 10 жасар қыз іздестірілуде

Қызды іздеуге еріктілер мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» еріктілер тобының мәліметінше, қыз бала 28 наурыз күні сағат 10:00 шамасында Естай көшесіндегі үйінен шығып, содан бері байланысқа шықпаған.
– Қыздың бойы – 150 см, көзі – сұр-жасыл, шашы – ақшыл сары. Үстінде тізеден төмен түсетін қара күртке, қоңыр-сарғыш құлақшын, денебітімді шалбар және қара түсті шолақ бәтеңке болған, – дейді еріктілер.
Жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге +7 (747) 615-55-63, +7 (777) 334-82-01 немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram