Павлодар облысының 50 мың тұрғыны сенбілікке қатысты
Жалпы он мың тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, 27 сәуірде өңірдің барлық қала мен аудандардың елді мекендерін абаттандыру және көгалдандыру бойынша облыстық сенбілік өтті. Экологиялық шара Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Өңірдің 50 мың тұрғыны сенбілікке белсенді қатысты. Облыс бойынша барлығы 10 мың тонна қоқыс жиналды және 1200 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, сегіз мың ағаш пен бес мың бұта отырғызылды.