Павлодар облысында тас жолдары жабылды
Ақмола облысында жел күшейіп, қарлы боран соғуда, жолдың көрінуі нашарлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты сағат 06:00-ден бастап республикалық маңызы бар Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолының Шідерті кентінен Ақмола облысы шекарасына дейінгі бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.