Павлодар облысының полиция департаментінде 50-ден астам отбасы қызмет етеді
ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай арнайы флешмоб жариялады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Шараның мақсаты – әлеуметтік желілерде отбасы құндылықтарын дәріптеу.
– Бүгінгі таңда Павлодар облысының полиция департаментінде антқа адал, полиция формасын киетін 50-ден астам отбасы қызмет етеді. Ішкі істер органдарындағы қызмет қазіргі қоғамдағы маңызды мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл біздің азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы қатарында тұрған полицейлер, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Бек.
Отбасы күніне орай облыстық полиция департаментінде «Менің полицейлік отбасым!» флешмобы ұйымдастырылуда. Оған белсенді қатысқан отбасылардың бірі – Хамитовтер әулеті. Темірлан Хамитов пен Арай Хамитова 2021 жылдың қыркүйек айында ҚР ІІМ ҚАЖК оқу орталығында танысқан. Темірлан қараша айында ұсыныс жасап, 2022 жылдың наурыз айында некелері қиылған. Бүгінгі таңда ерлі-зайыптылар жастар құқық қорғау саласында бірге қызмет атқарады.
Сондай-ақ Май ауданының полиция қызметкерлерінің балалары «Менің әкем, анам – полиция қызметкері» тақырыбындағы балалар суреттерінің виртуалды флешмобына ұйымдастырды. Балалар өз жұмыстарында қызметтің ерекшеліктері туралы көзқарастарын жеткізуге тырысты, шағын бейнероликтерде полицейдің күрделі кәсібі туралы айтты.