Павлодар әкімі: Жолдың жөндеу жүргізілген бөлігінің жағдайы көңіл көншітпейді
Облыс орталығында қазылған жол бөліктерін қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Бүгін қала көшелерін аралау барысында «Павлодар Водоканал» ЖШС-ның Қамзин көшесіне жүргізген жөндеу жұмыстарының нәтижесін көрдім. Қала тұрғындарының сын-ескертпесі орынды. Жолдың жөндеу жүргізілген бөлігінің жағдайы көңіл көншітпейді, - деді ол.
Көшелерді тексеру барысында шаһар басшысы монополистке асфальт жабындысын қалпына келтіруді тапсырды. Әрі Хасар Хабылбеков желілерді жөндеу үшін бұзылған жол сапасыз жұмысты ақтай алмайтынын ескертті.