Павлодар облысының прокуроры инвесторлардың мәселелерін шешуге кірісті

Өңірде инвесторлардың алдында тұрған әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған жұмыс басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратура баспасөз орталығының мәліметінше, кездесуде жер учаскелерін бермеу, оларға ауыртпалық салу, ауыл шаруашылығы жерлерін елді мекендер санатына ауыстыру, жобаларға сараптама жүргізу ұзақтығы, электр энергиясының тапшылығы, агрокредит беру шарттарын қайта қарау сияқты мәселелер талқыланды.
Осы мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылданды.
Атап айтқанда, Жер мәселелері бойынша облыс мәслихатының жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды, оның құрамына депутаттар, прокурорлар, «Атамекен» ҰКП, әкімдік және жер инспекциясының өкілдері кірді.
Жобаларға сараптама жүргізу мерзімдерін қысқарту бойынша сараптама ұйымымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Прокурорлық сүзгінің функциялары және фронт-офис жұмысы туралы ақпараттық жадынамалар әзірленді.
Берік Жүйріктаев атап өткендей, инвестордың әрбір өтініші ерекше назарда болады. Енді өңірдің инвесторлары мемлекеттік органдарға өтініштер жіберген кезде оларды бақылау үшін прокуратураға хабарлайды.
Мұндай тәсілдің оң нәтижелері қазірдің өзінде бар.
Мысалы, Екібастұздың 2 инвесторының жерінен жер ресурстарын басқару департаментінің негізсіз ауыртпалықтары алынып тасталды, соның салдарынан 2 жылдан астам уақыт бойы аумақтарды суару бойынша ірі ауыл шаруашылығы жобасы іске асырылмады.
Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша жалпыұлттық және өңірлік пулдардан инвесторлардың 10 проблемалық кейсі шешілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.