Павлодар облысының тас жолында инертті материал төселді
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД күштерімен және құралдарымен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Павлодар, Ақсу қалалары және Павлодар ауданы елді мекендерінің аумағында еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда.
– Өткен тәулікте барлығы 27 мың текше метрден астам су сорылды. Ақсу қаласында Бөкейханов көшесінің оңтүстік-шығыс бөлігінде су бұру арнасы өткізілді. Атамекен кентінде экскаватордың көмегімен үш жерде ашық шұңқырлар жасалды, – дейді ведомствода.
«Атамекен-Ақсу-Көктөбе-Курчатов» республикалық маңызы бар автожолының 15 және 129 шақырымы арқылы судың жайылуына жол бермеу мақсатында трасса бойында 620 дана қапшық төселді және 45 тонна инертті материал төселді.
Жұмыстарға барлығы әртүрлі 51 техника, 115 адам және 21 мотопомпа жұмылдырылды.