Павлодар облысының тұрғыны студент қызына алимент төлеуден қашып жүрген

Павлодар облысының тұрғыны студент қызына алимент төлеуден қашып жүрген
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мәселе сот арқылы шешілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Успен аудандық соты алимент өндіріп алу туралы талап бойынша азаматтық іс бойынша медиативтік келісімді бекітті.

Жауапкердің 19 жасар қызы сотқа шағым түсіріп, соттан 21 жасқа толғанға дейін әкесінен алимент өндіріп алуды сұрады. Қыз университетте күндізгі формада оқиды, осыған байланысты оған материалдық қолдау қажет болған.

–  Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен істі тоқтату туралы өтініш білдіріп, сотқа медиативтік келісімді ұсынды. Оның шарттары бойынша қызы талап қоюдан бас тартады, ал әкесі оны оқу уақытында қаражат жағынан қолдауға міндетті болады,– деді Успен аудандык соты баспасөз қызметінде.

Сот медиативтік келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.