Павлодарда түн ортасында үйінде дискотека ұйымдастырған тұрғын жазаланды
Ол көршісінің өтінішін елемей, мерекесін жалғастыруды ұйғарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері түнгі уақытта азаматтардың жайлылығы мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған шудың рұқсат етілген деңгейінің қатаң нормаларын бұзғаны үшін 6 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, түнгі сағат 2:30-да полицияға Н. Назарбаев даңғылы бойындағы үйдің тұрғыны қоңырау шалды. Ол көршісіне шағымданып, көршісі музыканы қатты қосып, дискотека ұйымдастырғанын айтқан.
– Мен төменгі қабатқа түсіп, есікке қоңырау шалып, сыпайы түрде музыканың дыбысын азайтуды өтіндім, бірақ тыныштықты бұзушы есікті жауып, өзінің мерекесін жалғастырды. Кез келген тұрғын ретінде мен еңбек күнінен кейін түнгі уақытта лайықты демалуға құқығым бар. Бірақ, көршілердің арқасында дискотека немесе балғаның дүрсілдеген шуына шыдауымыз керек, – деп ер адам полицияға шағымданды.
Мекенжайға келген тәртіп сақшылары түнгі тыныштықты бұзған тұрғынды жауапқа тартты. Полиция егер көршілер музыканың дыбысын азайту немесе жөндеу жұмыстарын тоқтату туралы өтініштерді елемесе, ең алдымен, дәлелдер жинауға кеңес береді. Бұл белгілі бір пәтерде дыбыс деңгейінің жоғарылау фактісін растау үшін аудио немесе бейнежазба болуы мүмкін. Содан кейін полицияға жазбаша шағым беру керек. Іс жүргізілгеннен кейін бұзушы заңнамада белгіленген жауапкершілікке тартылады.