Шарбақты ауданының орталығы толықтай жолмен қамтылмақ
Әкім жолдардың сапасын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудан орталығындағы 50 көшенің 34 көшесіне асфальт төселген, оның 8-і биыл жаңартылды. Алдағы екі жылдың ішінде ауылдың қалған 16 көшесіне асфальт төсеу жоспарлануда.
«Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Шегірен ауылындағы мәдениет үйі мен мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде.
Бүгінде мәдениет үйін жөндеу жұмыстары 70 % орындалды. Мұнда жылу және электрмен жабдықтау жүйелері толығымен жаңартылып, терезелері, есіктері және еден жабындары ауыстырылады. Жөндеуді ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Терезелерін, есіктерін, едендерін ауыстыру, қабырғалары мен төбелерін безендіру, жылыту және электрмен жабдықтау жүйелерін жаңарту қарастырылған мектептің күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айының басына дейін аяқталады.
Сонымен қатар, 2024 жылы Сахновка ауылындағы медициналық пунктті жөндеп, Арбаиген ауылында жаңасын салу жоспарлануда.
Асайын Байханов барлық жөнделетін және салынып жатқан нысандардағы жұмыстарда сапалы орындап, уақытылы тапсыруды тапсырды.