Есірткіге жол жоқ: Павлодарлықтар марафон жүгіріп, квест ойнайды

Есірткіге жол жоқ: Павлодарлықтар марафон жүгіріп, квест ойнайды
Фото: pexels.com / RUN 4 FFWPU

Іс-шара халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық ішкі саясат бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 маусым күні сағат 16:00-де Орталық жағалауда «Өзіңнен баста» атты кең ауқымды іс-шара өтеді. 

Басқаларды шабыттандырыңыз! Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында есірткіге жоқ деп айт! – делінген хабарламада.

Шара аясында жеңіл атлетика марафоны, квест ойыны және қала жастарының өнер көрсетуі жоспарланған.