Павлодар облыстық балалар ауруханасында арт-терапия өтті

Павлодар облыстық балалар ауруханасында арт-терапия өтті

Емдік шара онкогематологиялық және ауыр неврологиялық патологиясы бар балалар үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасының реабилитологы Галина Курганюктың айтуынша, арт-терапия – терапевтік, оңалту мен түзету жұмыстарын қамтитын психотерапияның негізгі бағыттарының бірі. 

–  Бұл емнің басқа да түрлері бар. Ауруханада арт-терапия тәжірибесіне  енгіздік. Бұл – өнермен емдеу. Арт-терапиядан басқа билеу, түрлі мүсіндер жасау сынды түрлері бар.  Ең кең таралған және қол жетімді түрі – сурет салу. Балалар сурет салғанды жақсы көреді, – дейді Галина Курганюк.

Айта кетерлігі, биылғы  жылдың соңғы 4 айында неврологиялық бөлімшеде 406 бала емделді. Соматикалық бөлімшенің онкогематологиялық бөлімде – 95 бала.