Павлодар тұрғыны колонияға телефонды палауға жасырып өткізбек болды

Павлодар тұрғыны колонияға телефонды палауға жасырып өткізбек болды
Фото: жасанды интеллект

Қызметкерлер заттарды тәркіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысындағы №45 колония қызметкерлері мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізу әрекетін тоқтатты.

Қызметкерлер сотталған адамға әкелінген сәлемдемелерді тексеру кезінде палау салынған бір рет қолданылатын ыдыстың ішінен жасырылған заттарды байқады. Тексеру барысында палаудың астына мұқият оралған бес ұялы телефон мен бес сымды құлаққап табылды.

Барлық заттар тәркіленіп, материалдар тергеу жүргізу үшін тиісті органдарға жіберілді.

Тәртіп сақшылары колония аумағына тыйым салынған заттарды кіргізуге тырысқан кез келген адам заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін павлодарлық азамат колонияға есірткі жасырылған құрманы өткізгісі келген сәтте ұсталды.