Павлодар жағалауында велосипедшілер мен скутерлер жолағы шектелді

Жолдарда белгілер қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Енді велосипедшілер мен скутерлерге жағалаудың орта және жоғарғы жағында – Естайдан Қайырбаев тұсына дейін жүруге тыйым салынады.
Полиция қызметкерлері Павлодар әкімдігінің мамандарымен аймақты тексергеннен кейін осындай шешім қабылдады. Жағалауда жол қозғалысы ережелерінің белгілері орнатылып, жолақтар жаңартылды.
– Жол белгілері мен ережелерді елемеген жағдайда бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шаралар азаматтарды ескерту және жарақаттанудың алдын алуға бағытталған, – деп атап өтті полиция департаментінде.
Бұрын скутерлер мен велосипедшілер орта тұста жүре алмайтын. Олар көбінесе тыйым салу белгілерін елемейтін, бірақ полиция департаментінің статистикасында мұндай бұзушылықтар тіркелген жоқ. Жағалаудағы ережелердің сақталуын жаяу патруль бақылайды. Бұзушыларға 3 АЕК – 11 796 теңге айыппұл салынады.