Павлодарда музыка мектебінің оқушылары концерт береді

Павлодарда музыка мектебінің оқушылары концерт береді
Фото: pexels.com

Биыл дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернаты 20 жылдығын тойлайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шафердің музей-үйі баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні сағат 16:00-де «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі орыс халық аспаптары бөлімінің баян және аккордеон сыныбы шәкірттерінің «Көктемгі сүйкімділік» атты концерті өтеді.

Іс-шара музей-үйінің концерт залында дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 20 жылдығы және музыкалық колледждің 65 жылдығына орай ұйымдастырылуда, – делінген хабарламада.

Мекенжайы: Ак. Бектұров көшесі, 19.