Павлодарда жазасын өтеп жатқан азамат отбасын құрды
Отбасылық құндылықтарды сақтау сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
№47 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат сүйіктісімен некесін ресми түрде тіркеді.
– Отбасын құру – адамның түзелуі мен қоғамға қайта бейімделу жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Жақындарымен берік қарым-қатынас жауапкершілік сезімін арттырып, бостандыққа шыққаннан кейін заңға бағынатын өмір салтын ұстануға ынталандырады, – деп атап өтті мекеме әкімшілігі.
Неке АХАТ органдарында заң талаптарына сәйкес рәсімделді.