Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы өңдеу алаңдары кеңейтілді

Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы өңдеу алаңдары кеңейтілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2024 жылмен салыстырғанда  биыл 45 мың гектарға артық алаң өңделеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармаcы басшысының орынбасары Дияр Қайыркенов 2025 жылы авиаөңдеу алаңдарын кеңейту туралы шешім қабылданғанын мәлім етті.

–  Осы жылы қосымша Железин ауданының аумағын қамти отырып, Ертіс алқабының жайылма аумағының 35 мың гектар алаңы, Ақсу қаласының ауылдық аймағының солтүстік шегінде 15 мың гектар алаң өңделеді. Осылайша, авиаөңдеудің жалпы ауданы 172 мың гектарды құрайды, –  деді Дияр Қайыркенов.

Бұл ретте, авиаборттар көлемінің ұлғаюына сәйкес мердігерлік ұйым қосымша авиаборттар санын да ұлғайтты, оның саны 10-ға жетті. Қосымша авиаборт Железин ауылында және Атамекен кентінде орналасады. 

Авиаөңдеуден басқа, 60-қа жуық елді мекен қамтылатын күнделікті тосқауылдық өңдеу жүргізілуде. Бұл – облыс орталығы және Ақтоғай ауданы, Тереңкөл, Ертіс ауданы және Павлодар ауданының жағалау ауылдары.

– Жалпы, тосқауылды өңдеу кезінде ұсақ дисперсті машиналар санын арттырдық. Ол 500 метр қашықтықта ұсақ дисперсті химиялық препаратпен өңдеуге мүмкіндік береді. Яғни, тұтастай алғанда, оның құрамында химиялық препараттардың бір жарым тонналық ерітіндісі бар, бұл – тосқауылмен өңдеудің өте тиімді әдісі, – деді маман.

Сонымен қатар, жалпы препараттардың көлемі де ұлғайған. Биологиялық препарат бойынша 182 мың килограмм қолданылады, бұл 606 тонна сұйық супсензия жасауға мүмкіндік береді. Химиялық препараттың мөлшері де артты. Биыл ол 14,5 тоннаны құрайды. 

Өңірде қансорғыштардың алдын алу үшін өңдеу жұмыстары 9 сәуірде басталды.  Жұмыс жиналып қалған, еріген қар су қоймаларынан бастау алды. Бүгінгі күні жұмыстар Май ауданындағы Көктөбе ауылында, сондай-ақ Ынталы ауылынан Тереңкөл ауылына дейін жүргізіледі.

Айта кетерлігі, Ертіс өзенінің негізгі арнасын және оның ұзындығы 1800 км арнасын биологиялық препараттарды қолдана отырып, үш рет өңдеу жоспарлануда.

Шыбын-шіркейдің қанатты түріне қарсы тосқауылды өңдеу Павлодар қаласының жағалауы бойында – темір жол көпірінен Усолка шағын ауданына дейін (күн сайын 79 га алаңда 30 күн ішінде) жүргізіледі.

Бұдан басқа, жертөлелерді өңдеу бойынша жұмыстар үш қалада басталды. Жоспар бойынша Екібастұз қаласы бойынша 650 жертөле өңделуі керек. Бүгінгі таңда 300-ге жуығы өңделді. Ақсу қаласында жоспарлы 30 жертөленің  12-сі өңделді. Павлодар қаласы бойынша 30-ға жуық жертөле өңделді. Жоспар бойынша 50-ден астам жертөле өңделеді.