Павлодарда адамдарды қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті

Павлодарда адамдарды қорқытып,  ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті
Фото: Константин Шелков

Олардың жәбірленушілеріне келтірген шығын көлемі үш миллион теңгеден асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері бопсалау фактілеріне қатысы бар деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында үш жәбірленуші анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оларға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асады.

Белгілі болғандай, күдіктілер бір ай бойы Павлодар қаласының тұрғындарынан ақша талап етіп, талаптарын физикалық күш қолдану мен әрі дене жарақатын салумен іске асырып отырған. 

Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деді облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер күдіктілердің жеке басын анықтап, алты адамды ұстады. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.