Павлодар қаласында тұрғын үй маңындағы өрт сөндірілді
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
18 қаңтар күні «101» операторының пультіне Павлодар қаласында шаруашылық құрылыстардың өртеніп, оттың тұрғын үйдің шатырына таралғаны туралы хабарлама түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Нәтижесінде өрт 30 шаршы метр аумақта толықтай ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Облыстық ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.