Павлодардағы ірі жол апатынан зардап шеккен екі науқас реанимациядан шығарылды

Павлодардағы ірі жол апатынан зардап шеккен екі науқас реанимациядан шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кенжекөл маңындағы жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілген науқастардың жағдайы туралы жаңартылған ақпарат жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен 2004 жылы туған екі науқастың жағдайы жақсарған. Олардың бірі реанимациядан нейрохирургия бөліміне, екіншісі политравма бөліміне ауыстырылды.

2003 жылы туған науқас әлі реанимация бөлімінде жатыр. Тағы бір 2004 жылы туған ер адам политравма бөлімінде ем қабылдауда.

– Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

2006 жылы туған зардап шегушіге амбулаториялық көмек көрсетілген.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 17 қыркүйек күні Кенжекөл ауылының маңында болған. Оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілген. Дәрігерлер 1977 жылы туған ер адамның оқиға орнында қайтыс болғанын анықтады.