Павлодарда ірі жол апаты орын алды

Павлодарда ірі жол апаты орын алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәлімдеуінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту 17 қыркүйекте сағат 22:05-те түскен. Оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы және апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді. Ақ желеңділер оқиға орнына 6 минутта жеткен.

Оқиға орнында медицина қызметкерлері 1977 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Жол-көлік оқиғасынан түрлі жарақат алған алты жас азамат Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді, - делінен хабарламада. 

Павлодар қаласының №1 ауруханасының хабарлауынша, жол апатынан зардап шеккен 2004 жылы туған үш, 2006 жылы туған екі және  2003 жылы дүниеге келген ер адамдар жеткізілген. Олар түрлі жарақаттар алған.

Зардап шеккендердің біріне амбулаториялық көмек көрсетілген. Қалғандарының үшеуі реанимация бөлімінде, біреуі политравма бөлімінде, тағы біреуі травматология бөлімінде ем алып жатыр.

Ауруханаға жатқызылған барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті тексерулер жүргізілуде.

Қазіргі таңда Кенжекөл ауылының маңында орын алған жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.