Павлодардағы антикордың күдігіне «Ақсу» футбол клубы ілінді
Спорт саласында оннан астам жемқорлық тәуекелдері анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Медет Әміралинов мәлім етті.
– Павлодар облысында спорт саласын тексеру барысында жемқорлықтың 15-ке жуық фактісі анықталды. Аталмыш істе жеке және кәсіби клубтарды қаражаттандыру, спорттық нысандарды жалға алуда мемлекеттік бюджеттің тиімсіз пайдалануы анықталды, – дейді Медет Әміралинов.
Спикердің мәліметінше, аталған фактілер арасында антикорлықтарда «Ақсу» футбол клубын қаржыландыру мәселесі бойынша сұрақтар туындаған. Клубты қаржыландыру барысында жемқорлық тәуекелдері анықталды. Қазіргі уақытта онда жүргізілген аудит аяқталды.
Сонымен қатар, спорт саласында заңсыз жасалған диплам арқылы жұмыспен қамтудың 9 фактісі анықталған.