Павлодарда көлік шұңқырға түсіп кетті
Оқиға орында қажетті белгілер мен қоршаулар болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алтын сапа» ЖШС мердігерлік ұйымы Малайсары батыр көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі аумақта Сұрағанов көшесінің бойында ұзындығы 1300 метрді құрайтын су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс 2023 жылдың 21 шілдесінде басталып, аяқталуы ағымдағы жылдың 21 қарашасына жоспарланған.
– Жұмыс орнында барлық қажетті белгілер мен қоршаулар орнатылған. Мердігер осы жағдайға қатысты болған оқиғаны тергеуге белсенді қатысуда, – дейді әкімдікте.
Айта кету керек, тұрғын үй инспекциясы басқармасы да бұл мәселені қадағалап отыр.
Еске сала кетейік, 21 қазанда таңғы сағат 06:20-да Павлодар - Успен автожолы, Мойылды кентінің жанында «Toyota Alphard» маркалы көлігі кюветке аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал зардап шеккен жолаушы ауруханаға жатқызылды.