Павлодардағы Jailau базарында енді ет сатылмайды
Оған күннің ысуы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ауылшаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, 27 мамыр күні Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында Jailau базарында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
- Онда ет өнімдері, балық, сүт өнімдері және т. б. ұсынылады. Жәрмеңкеге Железин, Успен, Шарбақты сияқты аудандардың және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты ет саудасы 27 мамырдан бастап тоқтатылады, - делінген хабарламада.
Ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы:
Шикі сүт – литріне 200 теңге, 1 санаттағы жұмыртқа - 370-420 теңге/оннан бастап, бал - 2000 теңге/кг, тазартылмаған күнбағыс майы - 700-780 теңге/л, картоп, сәбіз – 95 теңге/кг, қырыққабат - 120 теңге/кг, пияз – 158 теңге/кг .