Павлодарда борышын өтеп жатқан сарбаздарға қару табысталды

Павлодарда борышын өтеп жатқан сарбаздарға қару табысталды

№6679 әскери бөлімде салтанатты түрде жас сарбаздарға алғашқы жауынгерлік қару табыстау іс-шарасы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталған бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан 125 сарбазға қару табысталды. Қару түзеу мекемелерінде жауынгерлік қызметті атқару үшін берілді.


Бөлім командирі подполковник Аманжол Әйтенов және шараға арнайы келген ардагерлер жас сарбаздарға өздерінің ізгі тілектерін білдірді.

–    Әрбір сарбаздың міндеті – өзіне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгеру және оларды Отан қорғауға үнемі дайын ұстау. Намысты нанға ешқашан сатпаңыздар, сәттілік тілеймін! – деді әскери бөлімнің ардагері Балғабай Моншақов.

Енді сарбаздар өздеріне тапсырылған қаруға бір жыл бойы жауапты болады.

Айта кетейік, №6679 әскери бөлімде Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген сарбаздар борыштарын өтеуде.

Фото: №6679 әскери бөлімі