Павлодардағы сайлау учаскелерінде адалдық пен ашықтық қамтамасыз етілуде

Павлодардағы сайлау учаскелерінде адалдық пен ашықтық қамтамасыз етілуде
Фото: аймақтық «Дауыс» коалициясынан

Сайлаушылар легі әлі де толастар емес, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақтық «Дауыс» коалициясының жетекшісі Алма Қозыбаева сағат12:00-де сайлау учаскелеріндегі жағдайды мәлімдеді.

- Координатор ретінде біз бұл сайлау науқанына, референдумға өте мұқият дайындалдық. Бұл күннің қандай маңызға ие екенін әрі оның жауапкершілігін толық түсіндік. Біз үшін бәрінің адал, ашық өтуі маңызды. Өйткені бұл - біздің халықтың тағдыры шешілетін күн, - деді ол.

Алма Қозыбаева дауыс беру басталғанға дейін бақылаушылардың арнайы дайындықтан өткенін әрі сайлау учаскелері мониторингтен өткенін айтты. Әсіресе, учаскелердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі тексерілсе, сонымен қатар жалпы дайындық деңгейі толық бақылауда болған.

Бүгін бақылаушылар толықтай жұмысқа кіріскен. Олар жүргізген мониторинг нәтижесінен  сайлауға қатысушылардың көп екенін әрі азаматтардың көтеріңкі көңіл-күйде жүргенін байқауға болады.