Павлодарда құрылыс алаңдарындағы тазалық талаптары күшейтіледі
Бұл туралы қала басшысы кезекті жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қаладағы құрылыс нысандарының бірін аралау кезінде тұрғындардан түскен шағымдар қаралды. Атап айтқанда, ауыр жүк көліктері құрылыс алаңындағы лай мен батпақты Естай көшесіне шығарып жатқаны айтылған.
– Қалалық аумаққа шығар алдында жүк көліктерінің дөңгелектері міндетті түрде жуылып, тазалануы тиіс. Сонымен қатар, құрылыс алаңында қоршау баннерлері, қорғаныш қалқандары орнатылып, тиісті жарықтандыру толық қамтамасыз етілуі қажет, – деп жазды Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында.
Әкімнің айтуынша, осыған байланысты сәулет бөлімі мен патрульдік қызметке қалада құрылыс жүргізіп жатқан барлық ұйымдарға тазалық талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған.
Талаптарды орындамағандарға қатысты қатаң шаралар қабылданып, қажет болған жағдайда құрылысқа берілген рұқсат құжаттарын кері қайтарып алу да қарастырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram