Екібастұзда жолдар жөнделіп, қала келбеті ажарлануда

Екібастұзда жолдар жөнделіп, қала келбеті ажарлануда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл мақсатта инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кеншілер шаһарының әкімі Аян Бейсекиннің мәлімдеуінше, соңғы жылдары Үкімет пен облыс басшылығының қолдауы аясында қаланың инженерлік инфрақұрылымы айтарлықтай жаңғыртылған.

–  Бұл орасан зор қаржыны талап етті. Әлі де атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Сондықтан осы мақсаттағы істер жоспарлы түрде жалғасатын болады, - деді ол.

Қала әкімі соңғы 4 жылда аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Осы аралықта шамамен 200 аула қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген болса, тағы 80-ге жуық аула кезек күтуде. Ол мәселелер бір-екі жылдың ішінде оң шешімін таппақ. 

– Сондай-ақ, соңғы 4 жылда жеке сектордағы шамамен 80 көше асфальтталды. Сонымен қатар, кварталішілік аумақтардың 70-ке жуық учаскесі жөнделді. Негізгі және қосалқы көшелердегі жол жамылғысын жаңарту мәселесі әлі де өзекті болып қала береді. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан облыс әкімі Асайын Байхановпен есептік кездесуінде көтерілген болатын, - деді Аян Бейсекин.

Екібастұзда облыс әкімінің қолдауының арқасында биыл тағыда10-ға жуық көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда, Кеншілер, Энергетиктер, Б.Момышұлы, Торайғыров, Шешембеков, Беркімбаев және тағы басқа көшелер тізімде бар.