Павлодарда бопсалау схемасын ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Күдіктілер – колледж студенттері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар нысана ретінде өз қатарластарын таңдап, күш қолданамыз деп қорқытып, ақша талап етпек болған.
Жедел іс-шаралар барысында екі колледж студенті ұсталып, қамауға алынды.
– Анықталғандай, күдіктілер күш қолданамыз деп қорқытып, қылмыстық ниеттерін жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер жасаған. Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, – деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Оның айтуынша, заңсыз әрекеттер ерте кезеңде тоқтатылып, оның әрі қарай дамуына жол берілмеген. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады.