«Өзен дербиі» ҚПЛ-дің кезекті турын ашады
Павлодардағы Орталық стадионда «Ертіс» пен «Жетісу» кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл матч Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турының шымылдығын түрмек. Турнирлік кестеде қатар тұрған командалар кездеседі: «Ертіс» оныншы орында болса, «Жетісу» — он бірінші.
Талдықорғандық ұжым құрамы жағынан сенімді көрінеді. Әсіресе жартылай қорғаныс шебі мықты: техниқалы әрі еңбекқор Цотне Мосиашвили, шапшаң Адам Адахаджиев және тәжірибелі Серікжан Мұжықов. Тәжірибелі ойыншы мансабын туған командасында аяқтауы мүмкін.
Маусым басында «Жетісу» «Астанадан» ірі есеппен жеңілді. Алайда кейін команда төрт матч бойы жеңілмей, «Қайратпен» тең ойнап, Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Өткен турда жетісулықтар қарқын алып келе жатқан «Елімейге» есе жіберді.
Команданы Қайрат Нұрдәулетов жаттықтырады. Ол өткен маусымда «Ертісті» маусым ортасында тастап, «Оқжетпесті» басқарған болатын. Алайда ол жақта нәтиже нашарлап, сәтті басталған кезең құлдырауға ұласты.
Барлық болжам бойынша «Ертіс» — «Жетісу» кездесуі тартысты өтеді. Ойын 18 сәуір күні сағат 15:00-де басталады.