Павлодарда құтқарушылар көлікте қысылып қалған адамды алып шықты
Оқиға 23 тамыз күні орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы өткен жексенбі күні сағат 03:58-де Павлодар қаласындағы Кіші айналма жол көшесінде болған. Салдарынан автокөлікте жүргізуші қысылып қалғаны туралы «103» диспетчерінен хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен автокөлік конструкцияларының арасында қысылып қалған ер адамды қауіпсіз жерге шығарды.
Ал апаттар медицинасы орталығының жедел ден қою бригадасы ер адамды қарап, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін зардап шеккен адам одан әрі стационарға жатқызу үшін «103» жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.