Павлодарда ер адамдар лифт есігін сындырған
Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сормов көшесі, 5/1 үйінің тұрғындары лифтті белгісіз адамдар бұзып, сындырды деп әлеуметтік желіде шағым жазған еді.
– Бір апта бұрын лифтті сындырды. Қызмет көрсететін ұйым оны жөндеуден бас тартты, – деп жазды хабарламаның авторы.
Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.
– Сормов көшесіндегі үй тұрғындарының өтініші бойынша ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, – дейді департаментте.
Қазіргі уақытта аталған ер адамдар анықталды, оларды ұстау үшін шаралар қабылдануда.