Павлодарда қансорғыштарға қарсы препарат ерте дайындалды
Тәулік ішінде шамамен 20 мың литр жұмыс суспензиясын өндіру жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 23 сәуірде «QSM Engineering» ЖШС мердігерлік ұйымы 30% жұмыс суспензиясын дайындау үшін биологиялық препаратты ертерек араластыруға кірісті.
Бұл технология аймақта 2022 жылдан бері қолданылып келеді және масалар мен шіркейлердің дернәсілдерін өңдеуде оң әсерін көрсетті. Барлық жұмыстар тапсырыс берушінің, мердігер ұйымның және ғылыми топтың қатысуымен жүргізіледі.
Айта кетейік, биыл өңделетін учаскелердің ауданы 27,0 мыңнан 71,5 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Павлодар қаласының маңындағы жайылмадан бөлек, Ақсу қаласының 11 мың гектар жайылма аумағын, Ақтоғай және Тереңкөл аудандарында 33,5 мың гектар аумақты қосымша авиациялық өңдеу жүргізілетін болады. Бұл жұмыстар үшін Кенжекөл, Ленин ауылдары мен Тереңкөл және Ақтоғай аудандарының маңында орналасқан 4 әуе борты іске қосылады. Сондай-ақ, мамандар жалпы ұзындығы 1130 км өзен бойын өңдеуді жүргізеді.
Барлық дезинсекциялық іс-шаралар ерекше бақылауда. Жүргізіліп жатқан жұмыс туралы толығырақ @gnus.tabigat.pv парақшасынан білуге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram