Павлодарда қатты отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмекті кімдер алады?

Павлодарда қатты отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмекті кімдер алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көмек тағайындау үшін өтініштер қабылдау басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

1 шілдеден желтоқсанға дейін Павлодар қаласында қатты отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар қабылданады. Бұл көмек Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы шешіміне сәйкес тағайындалады. Төлем мөлшері – 20 АЕК, яғни 78 640 теңге.

Табысты есепке алмай әлеуметтік көмек келесі азаматтар санатына беріледі:

  • I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • Көпбалалы отбасылар.

Табысты ескере отыры жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген сәттегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылар алады. 2025 жылдың II тоқсанына арналған күнкөріс деңгейі – 49 888 теңге.

Әлеуметтік көмекті алу үшін келесі құжаттар қажет:

  • тиісті санатқа жататындығын растайтын анықтама;
  • тұрғын үйге меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжат (жалға алу шарты, тексеру актісі);
  • пешпен жылыту бар екенін растайтын құжат;
  • банк шотының бар екендігі туралы хабарлама;
  • отбасының табысы туралы мәліметтер.

Қызмет автоматтандырылған және egov.kz порталында қолжетімді. Өтініш беруші жеке тұрғын үйде тіркеліп, тұрақты тұруы қажет. Құжаттар желтоқсанға дейін қабылданады.

Толық ақпаратты Кривенко көшесі, 25, «Open Pavlodar» фронт-офисі, 3-үстелге жақындап, білуге болады.