Павлодарда қатты жел шатырды жұлып әкетіп, екі автокөлік зақымданды
108 шаршы метр аумақта шатыр ұшып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 23 қазан күні таңертең сағат 8-де Ломов көшесі, 37 мекенжайы бойынша жұмыс істемейтін базар аумағында қатты желдің салдарынан шатыр ұшып кетіп, екі автокөлік зақымданды.
– 2023 жылғы 23 қазанда ауа райына байланысты (желдің күшеюі секундына 18-20 мерді құрады) қала әкімінің 109 қызметіне, Whats Арp, Іnstagram желісіне құлаған ағаштар бойынша 33 өтініш түсті. Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша сегізінде ағаштар жолдың жанында құлаған, бұл өтініштердің барлығы пысықталды, – дейді әкімдікте.
25 өтінім үй аулаларында құлаған ағаштарға қатысты түскен. 17 өтініш пысықталды. Құлаған ағаштарды шығару жұмыстары жалғасуда.
Сағат 02:30-да Ак.Сәтбаев-Естай-Астана көшелері ауданында, сағат 02:48-де Назарбаев-Ак.Шөкин-Катаев-Толстой, Щедрин-Украин-Малайсары батыр аумағында, сағат 06:10 шамасында Шығыс шағын ауданында, сағат 07:40 шамасында 14 Годовщина көшесі аумағында электр энергиясының апаттық ажыраты орын алған. Аталған мекенжайлар бойынша барлық ауданда жарық қосылған.