Павлодарда қауіпті реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін алып тастады
Бұл жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі полиция басқармасымен бірлесіп, ЖКО жоғары қауіптілігіне байланысты С.Нұрмағамбетов-Минин көшесі, Кәукен Кенжетаев -Жаяу Мұса көшесі («Облыстық балалар емханасы» аялдамасы) бойындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін бөлшектеді.
– Ол жерде жаяу жүргіншілердің қауіпсіз өтуі үшін бағдаршам қондырғылары орнатылды,– деді бөлімде.
Сонымен қатар, келесі жылы Естай-Бекмаханов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер үшін бағдаршамда жасыл түс жану үшін құрылғыны орнату жоспарлануда.