Павлодарда қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам қамалды
Ол мас күйінде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындарынан қоғамдық орында мас күйдегі ер адамның үйдің кіреберісінің жанында отырып, дәрет сындырғаны туралы шақырту түскен.
– Шақырту орнына келген полицейлер мас күйінде өзін жөнсіз ұстаған облыс орталығының тұрғынын ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам мас болған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылдады, – деп хабарлады департаментте.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңіріміздің мыңнан астам тұрғыны осындай заңбұзушылыққа жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды.
Таңнұр Әленқызы