Павлодарда қоқыс шығару бағасы көтеріледі

Павлодарда қоқыс шығару бағасы көтеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа баға наурыз айында күшіне енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық мәслихаты қаладағы тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және шығару бойынша тұрғындарға тарифтерді көтеруді ұсынады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған жобада айтылған.

Қазір абаттандырылған үйлердің тұрғындары қоқыс шығару үшін 490 теңге төлесе, баға өскенде 534 теңге төлейді. Абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары 554 теңге төлесе, жаңа тарифпен 604 теңге төлейді. Ал бір текше метр қалдықты шығарудың жылдық тарифі 2324 теңге болмақ.

Бұған дейін тарифтер 2024 жылдың шілдесінде көтерілуі керек еді, бірақ шешім күшіне енген жоқ. Сол кезде бағаны 80-90 теңгеге көтермек болған.

Шешім 2025 жылғы 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.