Павлодарда үйдің кіреберісінде дәрет сындырған тұрғын жазаланды
Ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсақ бұзақылықтың ең көп тараған түрі – балағат сөздер, адамдарды қорлау, темекі тұқылы және тұрмыстық қоқыстармен қоғамдық орындарды ластау.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында құқық бұзушылық туралы бейнежазба жарияланған.
– Ер адам көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында дәрет сындырып, сол арқылы жалпы аумақты ластады. Оның жеке басы анықталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді департаментте.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 64 тұрғын жауапқа тартылды.