Павлодарда балабақша мен тұрғын үйлерде су өшірілді
Тұрғындарға су жеткізу ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов көшесі, 149 мекенжайы бойынша d 150 мм су құбырында ақау анықталды. Осыған байланысты Ломов көшесі, 149, 149/1, Катаев көшесі, 89, 91 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйлер мен нысандар, № 50 балабақша уақытша сумен жабдықтаудан ажыратылды.
Қазіргі уақытта орын алған ақауды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстарды шамамен сағат 17.00-ге дейін аяқтау жоспарлануда.