Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері дүниеден озды
Оның өмір жасы жүзге таяған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан соңғы ардагерлердің бірі - Андрей Рыбалко 98 жасында қайтыс болды.
Соғыс ардагері 1926 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданында дүниеге келген. 1943 жылы тамызда әскерге шақырылып, Петропавл қаласындағы атқыштар мектебіне жіберілген болатын. 1944 жылдан бастап соғыс қимылдарына қатысып, Беларусь пен Польшаны азат ету үшін соғысқан. Андрей Рыбалко 37-ші дивизияның 114-ші полкінің құрамында бола тұра Шығыс Пруссияға дейін жеткен еді. 1945 жылы ақпанында ауыр жарақат алған болатын, ал 1946 жылы демобилизацияға ұшырады.
Одан кейін туған ауылында тракторшы болып еңбек етті. Ал 1981 жылы ол зейнеткерлікке шықты.
Андрей Рыбалконың «Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және тағы да басқа марапаттар мен медальдар бар.
Андрей Рыбалко еңбекқор, адал, мейірімді және жанашыр адамның үлгісін өмір бойы көрсетіп жүрді.
Павлодар қаласының әкімдігі соғыс ардагерінің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл білдіруде.
Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында алты соғыс ардагері тұрады.