Павлодарда ұстаз бен оқушысы дебюттік көрме өткізді
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында «Атамекен» көркемсурет көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Балалар көркемсурет мектебінің «Мұғалімнен – оқушыға» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылған көрме қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Оған мектеп оқушылары, педагогтер, олардың арасында мектеп педагогі Айдана Мерғалиеваның тәрбиеленушілері қатысты.
Бұл – Айдана Ардаққызы мен оның оқушысы 15 жастағы Ясмин Леваднаяның бірлескен шығармашылық жұмысының дебюттік көрмесі.
– Экспозицияда әртүрлі жанрлар мен техникаларда орындалған 30-ға жуық туынды бар. Олар терең мағынаға, жылулық пен шынайылыққа толы шабыт, есте сақтау және мақтаныш көзі ретінде Отанға жан-жақты көзқарасты ашады, – дейді мектеп басшысы Ләйля Мағзамова.
Қала тұрғындарының назарына «Менің қалам», «Бурабай» пейзаждары, «Менің ұлым», «Сұлу Томирис», «Шәкен Айманов» портреттері, мектеп өміріндегі натюрморттар мен сюжеттер ұсынылды. Бұл – дәстүр мен қазіргі заманның, өнер мен қолөнердің, өнер мен шабыттың тоғысқанын көрудің бірегей мүмкіндігі.
Ұстаз мектепте алты жыл жұмыс істейді, өзін шығармашылық, креативті суретші, перспективалы педагог ретінде көрсете білген. Ясминмен екі жыл жұмыс істейді, осы уақыт ішінде оның оқушысы «Тай қазан» республикалық байқауының, «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының облыстық турының жүлдегері және «Theplanet of A The Planetof Art» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.