Павлодарлық студенттерге есірткіге қатысты қылмыстық жазалар туралы айтылды

Павлодарлық студенттерге есірткіге қатысты қылмыстық жазалар туралы айтылды
фото:Константин Шелков

Олар полиция тәжірибесінен шынайы оқиғаларды тыңдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

28 қазанда «Торайғыров университеті» КЕАҚ Жоғары колледжінде студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы облыстық ішкі істер департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкер полиция подполковнигі Ирина Тимиргалиева семинар өткізді.

Кездесуде полиция жастарға құқықтық тәуекелдер мен әлеуметтік жауапкершілік туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.

– Семинарда студенттер есірткі заңын бұзушыларға қолданылатын қатаң қылмыстық жазалар туралы білді, біздің тәжірибеден шынайы оқиғаларды айтып түсіндірдік, деді Ирина Тимиргалиева.

Сонымен қоса, дәріскер әрбір адам өз ісіне жауапты екенін және құқықтық сана жастардың болашаққа елеулі әсер ететін қателіктерден аулақ болып, саналы шешім қабылдауға көмектесетінін атап өтті.

Оның айтуынша, мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.