Павлодарда әлеуметтік эксперимент жүргізілді

Павлодарда әлеуметтік эксперимент жүргізілді
Шараға жастар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Негізгі мақсат – есірткі тұтынудың алдын алу, азаматтардың өз денсаулығына және жақындарының амандығына жауапкершілігін арттыру. Акция барысында тұрғындарға арнайы экспресс-тесттен өтіп, ағзада есірткі заттарының бар-жоғын анықтау ұсынылды.
– Мұндай тәсіл мәселені ерте кезеңде анықтауға ғана емес, адамдарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ата-аналар мен жастарға психобелсенді заттардың зиянын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.