Павлодарда әйел адамның әмиянын қолды қылған ұры іздестірілуде

Павлодарда әйел адамның әмиянын қолды қылған ұры іздестірілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға орын алған кезде қала тұрғыны Пахомов көшесіндегі дүкендердің бірінде болған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны қалтасынан төлем карточкалары мен ақшалай қаражаты бар әмиянды ұрлап кеткені туралы шағыммен жүгінген. 

– Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – дейді департаментте. 

Ведомствода қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктің сақталуына мұқият болуды ескертеді. Қоғамдық тамақтану орындарында отырып, әмиянды немесе басқа құнды заттарды орындықтың артқы жағына, киім қалтасында қалдырмауға кеңес береді. Себебі, қаскүнемдер қасақана көрші орын алып, өз киімдерін іліп қоюы мүмкін. 

Полицейлер қалта ұрыларының құрбаны болған барлық азаматтарды дереу полицияға хабарласуға шақырады.